<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>C</key>
<author>Әлімбеков Ғалымжан, Халық музыкасы</author>
<hymn_number>130</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.    Am                         Dm
 Мына өмір соғып өткен жел болса,
.  G                             C
 Жел ұшырған, қураған бір шөп болдым,
.  Am                            Dm
 Қулық, сұмдық, жамандыққа бар болсам,
.   E7                         Am
 Ізгілік пен жақсылыққа жоқ болдым.

[V2]
 Мына өмір ашырқанған аң болса,
 Ал мен одан қаша алмай, жем болдым.
 Адамдарды жүрегімде жек көріп,
 Кісі өлтірген жауыздармен тең болдым.

[V3]
 Мына өмір патша болса, би болса,
 Бұйрығынан шыға алмайтын құл болдым.
 Кісі өлтіріп, қиянат істемесем де,
 Елді алдаған, қуыс кеуде қу болдым.

[V4]
 Өмірдің шын мағынасын білмедім,
 Ішіп-жеу мен ойын-сауық іздедім.
 «Өмір бізге бір-ақ рет берілген»,
 Осы-ақ болды өмір жайлы білгенім.

[V5]
 Енді бүгін бұрынғыдан басқа күн,
 Жүрегімде шырқалады асқақ үн.
 Ескі өмірмен біржолата қоштасып,
 Исаменен жаңа өмір бастадым.

[V6]
 Менде бүгін, бұрынғыдан басқа күн,
 Бар күнәмді еңсе басқан тастадым.
 Күнәларым қара бұлттай төнуші еді,
 Енді бүгін шайдай ашық аспаным.

[V7]
 Менде бүгін өзгеше күн, басқа күн,
 Тауып алдым мәңгі өмірдің бастауын.
 Кеше ғана танымастай басқа едім,
 Енді бүгін, одан мүлде басқамын.

[V8]
 Енді білдім мағынасын өмірдің,
 Жүрек толды сөздерімен Тәңірдің.
 Жамандықтан жан-дүнием тазарып,
 Жиіркенішті кірі кетті көңілдің.

[V9]
 Соқыр едім, Иса ашты көзімді,
 Саңырау едім, сауыққаным сезілді.
 Сөз жетпейді-ау суреттеуге тілменен,
 Жүректегі сұлу ғажап сезімді.

[V10]
 Осы Исаға сен де келсең болады,
 Жүрегің мол қуанышқа толады.
 Күнәңді айтып, тәубе қылсаң, басыңа,
 Жаратқанның ақ батасы қонады.

[V11]
 Мені сонша сүйетіндей кім едім?
 Тозақ отқа кетейін деп тұр едім.
 Иса берді біржолата бостандық,
 Құмарымның құлдығында жүр едім.

[V12]
 Исаға кел, ашылады көздерің,
 Ере бермей айтқанына өзгенің,
 Мен сияқты сен де аласың бостандық,
 Егер Оның қабылдасаң сөздерін.</lyrics>
<title>Мына өмір соғып өткен жел болса РӘЖ128</title>
</song>